loader


ШҚО-ның Шыңғыстай ауылына ауыз судың берілуі тұрақсыз болыр тұр

Шыңғыстай ауылына биыл орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылды.

Бұл  ауыл халқының біраз жылдан бергі арманы еді. Қазақтың маңдай алды қаламгері Оралхан Бөкей дүниеге келген елді мекенде қазір тіршілік оңалып, тұрғындар бір серпіліп қалды.

Бірақ соңғы уақытта су құбырынан жиі ақау шығып, ауыз су тоқтап қалатын жағдайлар көбейген. Бұл неліктен?

Шыңғыстайға орталықтандырылған ауызсу өткен жылдың желтоқсанында толық берілу керек еді. Алайда бұл игілік жергілікті жұртқа жазда ғана жетті. Су тасудан құтылдық, деп ел бір қуанып қалды. Бірақ енді құбырдан судың қашан ағатынын білмей, әуреге түсті. 

Ербол Алхамов, ауыл тұрғыны:

- Су үйде бар, бірақ бір күн бар бір күн жоқ болып қалады, көбіне жазды күні жарылған анау мынау сол күйі болмай жатыр.

Орталықтан берілетін суды не бар, не жоқ деп айтуға келмейді, - дейді мұндағылар. Енді керегі болмас, деп су таситын ыдысты да сатып жіберген. Енді қайтадан алуға мәжбүр. Ауыз су сапасы да сын көтермейді. 

- Қақ болып қалады, жабысып, Бұқтырмадан бастаулардан аламыз оларда ондай болмайды.

Бахты Нұрсапарова​ мамырда келген судың рахатын әлі көре алмай отырмыз деп ашынады. Ал орталықтандырылған су тірлікті едәуір жеңілдетер еді.  

Бахты Нұрсапарова, ауыл тұрғыны:

- Бір күн келсе 3-4 күн келмей қалады, не болды авария болды, су өте қажет, міне су келген күні өзі жақсы боп қаламыз, өзіміз жұмыстамыз. Көптен күткен суымыз болатын, бірақ енді дәл қазірге көңілім толып тұрған жоқ бұл судың келуіне.

Мердігер компания өкілдерінің сөзінше жұмыстың мерзімінен кеш аяқталуына​ да, судың сапасына да «жобалық сметалық құжаттағы» шикіліктер себеп болған.  Яғни жобада жер  малтатасты көрсетілген, ал расында топырақ  малта және қойтасты болып шыққан. Салдарынан жоспарда жоқ техника алдыруға тура келген. Оның үстіне жоба бойынша екі ұңғыма қазылу керек еді. Оның бірі бұрыннан дайын тұрған. бірақ ол ұңғымада су жоқ болып шыққан. Сөйтіп​ ​ мердігер өз қалтасынан қаражат бөліп, тағы бір ұңғыма қазған.  

Бейбітжан Абраимов, мердігер компания директорының орынбасары:

- Жаздық су бәрінде болған​ қыста жапты бәрі, кім су тарты оларда бар, су жіберсек қысым көбейіп​ жарылып кетіп тұр. Судың қысымын көбейсек​ ол атып жіберіп тұр жалғанған жерді.

Сонымен қатар құжат бойынша​ қуаттылығы сағатына 13 Квт сусорғыш салыну керек екен, бірақ тұтас ауылға оның шамасы жетпеген. Сондықтан мердігерлер бұл мөлшерді екі есе ұлғайтқан. Салдарынан су лайланып кеткен. Енді жауапты мекеме осындай кемшіліктерді шетінен түзеп жатыр. Ал жергілікті әкімдік​ орталық су жұртқа толық әрі сапалы түрде жетпейінше оны теңгерімге алмаймыз деп отыр.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ...