Алматыда қалың қар жауды

Ал Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 8-10, ал тау бөктерінде 16-20 см-ге дейін жетті.

Қар тазалау жұмыстарына 400-ге жуық жұмысшы мен техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметі жолға 3 мың тоннаға жуық көктайғаққа қарсы қоспа шашты. Ал таңертең мегаполис көшелеріне тағы 1300-ге тарта адам көмекке шықты. Алғашқы қар түні бойы жауып, тек таң ата тоқтаған. Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін күндіз жауын-шашын болмайды. Десе де ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де сақ жүргені жөн.