Бұқтырмадағы көпір құрылысы тежелуі мүмкін

Семей қаласындағы Бұқтырма су қоймасы мен Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлердің құрылысын қаржыландыру баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысандарды белгіленген мерзімде тапсыруға қауіп төніп тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көпірлердің құрылысына келесі жылға 20 млрд теңге сұраған. Алайда республикалық бюджетте 2 млрд теңге ғана ескерілген. Сенатор Бақытжан Байахметовтың айтуынша, жоба 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс. Сол себепті республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде келер жылы 15 млрд теңге, ал 2024 жылы 17 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мәселесін қарастыру қажет.

Бақытжан Байахметов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте объектіні қаржыландыру аясында 2023 жылы 500 млн теңге және 2024 жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөліну көзделеді. Яғни 9,3% құрайды. Бұл жағдай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мерзімдерінің орындалмауына және сәйкесінше жобаның қымбаттауына алып келеді.