Елімізде «Цифрлық құжаттар» сервисіне сұраныс артты

Қазірдің өзінде «ЕGOV MOBILE» мобильді қосымшасын 12,5 млн адам тұрақты пайданалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл еліміз БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде 193 елдің ішінде 28-ші орынға тұрақтады. Сонымен қатар «Онлайн-қызметтер» сапасының индексі бойынша 8-ші орынға жайғасты. Бұл туралы арнайы брифингте белгілі болды.

Айта кету керек, былтыр 70 млн онлайн-қызмет көрсетілсе, оның 20 млн «ЕGOV MOBILE» қосымшасы арқылы жүзеге асқан.

Ростислав Коняшкин, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда «ЕGOV MOBILE» мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисінде 20 құжат бар. Цифрлық жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын паспорт секілді маңызды саналатын құжаттардың барлығы осы «ЕGOV MOBILE» мобильді қосымшасында көрсетілген.