"Jastar Jalyny - 2022" байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Jastar Jalyny - 2022" байқауының жеңімпаздары да мараппатталды.

6 күн бойы фестивальға қатысушылар 10 түрлі бағыт бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, заманауи би, эстрада, ұлттық би, медиа, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, quiz және сурет салу.

Елордада «Жастар жалыны-2022» шығармашылық байқауының жеңімпазы анықталды.  Шараны «Қазақстан студенттерінің Альянсы» мен «QAZAQSTAN JASTARY» қайырымдылық қоры Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.  Сайыстың мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, - дейді ұйымдастырушылар. 

Есет Байкен, қала әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі фестивальға қатысқан жастардың негізгі жүлдесі 1,2,3-орын емес, жаңа тапқан достар, мәдени орта деп ойлаймын. Нарыққа қажетті мамандықтарға елорда әкімдік гранттар беріледі. соңғы 3 жылда 1400 ден астам грант берісле, биылдың өзінде тек 1300 ден астам грант жастарға беріліп, үлкен мүмкіндік болды.

Байқауға 14 университеттің жалынды жастары қатысты. Ақындар арасында Жантас Еркінұлы көп жүйріктен суырылып, озып шықты.

Жантас Еркінұлы, ҚазҰӨУ 3-курс студенті:

- Бірінші орын алған жаман емес қой. Өте керемет мүшәйра болды. Келесі жолы да өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде 500 мың теңге. Бүгінде Астана тек саяси әкімшілік орта ғана емес, жастардың қаласына айналып келеді. Оларға қолдау таныту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек. Қазір елордада 62 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Наргиз Бекмағанбетова, Еламан Мұстафа