Павлодар облысында ауыл мектептері жаңартылады

Бұл – Ертіс ауданындағы  шағын жинақты мектеп. Бүгінгі таңда 300-ден астам оқушы білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тірек мектептерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 34 кабинет толықтай жабдықталды.

Лаура Дүйсепова, Ертіс аудандық білім беру бөлімінің басшысы:

- Бұл аудан бойынша үлкен қуаныш. Өйткені, бұл тек қана білім саласына ғана емес. Қосымша білім беру дамыту бойынша бізде арт студия изо студия және теле студия ашылды. Келешекте осы мектеп жалпы ресурстық орталық. Осы мектеп енді аудан бойынша тірек мектепке айналады деп ойлаймын.

Логопед, психолог мамандарының кабинеттері, көркем еңбек, биология, химия, физика сыныптарының барлығы жаңа кейіпке енді. Енді ауыл балалары әр бағыт бойынша зерттеулер мен түрлі сынақтар жүргізу мүмкіндігіне ие.

Диас Бейсекин, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:

– Ауылдардағы тірек мектептерді жарақтандырудың басты мақсаты  ең алдымен ауылдық мектепті жақын маңдағы ауылдардағы мектепті тірек мектеп атандыру. Әр ауылдағы мектепті балалар үшін қолайлы, ыңғайлы ету, білім сапасын қолжетімді еткізу керек. Өйткені, қаладағы балалр мен ауылдағы балалар білімді бір деңгейде алуы тиіс.

Мәселен, қыз балалар ісмерлік пен аспаздықты меңгере алады. Ал робототехника мен айти бағытына қызыққан оқушылар үшін 20 компьютер мен өзге керек-жарақтар сатып алынды.

Қарлығаш Нұрлыбекова, оқушы:

– Қыз баласы тоқып та білу керек, тігін де тіге білу керек. тамақ та пісіру білу керек. Сондықтан, осы заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттің ашылуы біз үшін үлкен мүмкіндік есігін ашты.

Айта кетейік, ел бойынша 17 мектепті жаңғыртуға 4 млрд. теңге бөлінген. Әр тірек мектептің материалдық-техникалық әлеуетін арттыру үшін 250 млн. теңге жұмсалады. Сонымен қатар, мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы курстарды өткізу жоспарланған.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Жеңіс Темірболат