«Қазақстан халқына» қорынан Қостанай облысындағы мектепке 250 миллион теңге бөлінді

Қаражат есебінен Сарыкөл ауылындағы білім ұясының материалдық-техникалық базасы нығайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отыз екі оқу кабинеті, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды. Мұғалімдер құрамы да біліктілікті тегін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы оқу бағдарламасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады. Жалпы биыл аймақта 77 ауыл мектебіне жөндеу жүргізілді. Материалдық базаны жаңғыртуға екі миллиард теңге жұмсалды.

Диас Бейсенбек, «Қазақстан халқына» қорының өкілі:

- Урицкий орта мектебі «Қазақстан халқына» қоры бағдарламасының аясында жарақтандырылған үшінші мектеп боп табылады. Осыған дейін біз Павлодар, Ақмола облыстарында осындай ауылдық тірек мектептерді толығымен жарақтандырған болғанбыз.