Дауыс беру дұрыс өтуі үшін 20 мыңға жуық полицей тартылды

Еліміздің барлық күштік құрылымдары бүгін аяғынан тік тұрып жұмыс істеуге кірісті.

Дауыс беру дұрыс және тыныш жағдайда өту үшін 20 мыңға жуық полицей жұмылдырылды. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қадағалауға 14 мың ішкі істер министрлігінің қызметкері жіберілген. Барлық жерде бақылау күшейтілді. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық байқалған жоқ.