Теміртауда егіздер сайлауда өз дауысын берді

Теміртау қаласында тұратын Әмина мен Адина Ыбыраевалар саяси науқанда өз таңдауын жасады.

Егіздер осымен үшінші рет дауыс беріп отыр. Мемлекеттік маңызы бар істен қалыс қалмай, ел болашағы үшін өз даусымызды бердік, дейді жастар. Қазір екеуі де құрышты қаладағы индустриалды университеттің 4-курсында оқиды. Келешекте мамандықтары бойынша металлургиялық комбинаттың зертханасында жұмыс істеуді армандайды. 

Адина Ыбыраева, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Сайлау ол ҚР азаматының әрбірінің міндеті деп есептеймін. Дұрыс таңдау жасау ол өте маңызды. Өйткені ол Қазақстанның дамуына, болашағына өте үлкен әсер етеді. Бұл таңдауда мен өз еркіммен дауыс бердім және бұл дауысымды өте дұрыс деп есептеймін. Сайлау өте әділ өтеді деген үміттемін.