Қызылорда облысында 373 сайлау учаскесі ашылды

Оның 120-сы облыс орталығында орналасқан.

28-і жабық жұмыс істейді. Олар әскери бөлімдер, тергеу изоляторлары, вахталық жұмыс орындары мен емдеу мекемелері. Байқаушылармен қатар әріптесіміз Нұрлан Жақыпбековте сайлау барысын назарда ұстауда. Қазір ол бізбен тікелей байланысқа қосылды.

Дауыс берушілер қаншалықты белсенді, осы уақытқа дейін қанша пайыз сайлаушы таңдау жасап үлгірді?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Қайырлы күн! Сырбойылықтар таңертеңнен өз таңдауларын жасауға асықты. Кейбір сайлау учаскелерінің алдына киіз үйлер тігіліп, әсем әуен аясында ыстық бауырсақтар үлестірілді. Асық ату, қол күресі секілді ұлттық ойындардан сайыстар да өтіп жатыр.

Жалпы өңірде сайлауда таңдау жасауға құқы бар 482 мың 934 азамат тізімге алынған.  Олардың 1767-сі үйден дауыс береді. Ал 781 адам есептен шығару куәлігін алған. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын саяси партиялардың өкілдері, Бұқаралық ақпарат құралдары, шетелдік миссиялардың байқаушылары мен 6 кандидаттың 1200-ден астам сенімді өкілдері бақылауда. Біз тұрған нөмірі 353 сайлау учаскесінде де азаматтардың қарасы қалың. Осы уақытқа дейінгі дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр? Бұл туралы сайлау учаскесінің төрағасынан сұраған болатынбыз.

Аслан Ерманов, №353 сайлау учаскесінің хатшысы:

- Біздің сайлау учаскесінде тіркелген 2644 сайлаушы бар. Соның қазіргі таңда 41 пайызы келді. Сайлаушылардың қатысу белсенділігі өте жоғары. Таңертең ерте келгендер бізде өте көп болды. Сайлау үйі ашылғанға дейін күтіп отқан үлкен кісілеріміз де болды. Қарияларымыз да, жастарымыз да болды. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Ресми мәлімет бойынша осы сағатқа дейін өңірдегі сайлаушылардың ??% дауыс беріп үлгерген. Әзірге бар мәлімет осы.