Әлеуметтанушы: Сайлау – жаңа міндеттерді жүзеге асырудың бастамасы

Кез келген президент сайлауы – ел дамуындағы маңызды кезең. Белгілі әлеуметтанушы-ғалым Серік Сейдуманов осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау компаниясы адамдарды қандай кандидаттың бағдарламасын қолдайтынына қарамастан, бір арнаға тоғыстырады. Себебі дауыс беруге қатысудың өзі ел өміріне араласып, қандай да бір шешім қабылдауға атсалысуды білдіреді. Ал ең бастысы дауыс беруші азаматтар жаңа 7 жылдық мерзімге сенім білдіреді. Сондықтан сайлауға әрбір адамның қатысуы маңызды.

Серік Сейдуманов, философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры:

– Саяси мәселелер бірте-бірте шешіліп келеді. Мұны дауыс беруге келіп жатқан адамдар да байқап отыр. Ал экономикалық мәселелерді әлі реттеуіміз қажет. Бұдан басқа да атқаратын жұмыс бар. Мен рухани байлыққа, қоғамдық санаға мән беруіміз керек деп есептеймін. Себебі, популизм мен демагогия белең алып тұр. Біз осы сұрақтарды шешудің жолын табуымыз керек. Мінекей, бүгінгі сайлау осы мақсат-міндеттерді жүзеге асырудың бастамасы деп білемін.