Қостанай облысындағы жаңа шағын аудандарда сайлау учаскелері ашылды. LIVE 

Қостанай облысында жаңа шағын аудандарда 10 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оларда дауыс беру алғаш рет өтті. Жалпы аймақ бойынша 745 сайлау бөлімшесі ашылды. Дауыс берушілер тізімінде жарты миллионға жуық адам тіркелген. Жаңадан ашылған сайлау учаскесінің бірінде арнаның түсіру тобы болды. Өңірдегі арна тілшісі Данияр Сұлтанұлы студиямен тікелей байланысқа шықты.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

– Дауыс беру бөлімшелерін ұлғайтуға жаңа шағын ауданындағы тұрғындар санының көбеюі себеп. Қалалық сайлау комиссиясы бізге осылай түсіндірді. Мысалы, біз тұрған Юбилейный ықшам ауданында соңғы бес жылда адам саны 14 мыңға дейін ұлғайды. Сол себепті биыл мұнда тағы екі дауыс беру учаскесін ашу қажеттілігі туды. Жаңа учаскелер біз тұрған жаңа мектепте орналасқан. Тізім бойынша мұнда 1500 электорат тіркелген. Жасы да, жасамысы да таң атқалы өз таңдауларын жасауға асығып жатыр. Оның жұмыс барысы туралы бөлімшенің төрағасы Айымгүл Балтабаева айтып берді.

Айымгүл Балтабаева, №864 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

– Естеріңізге сала кетейік, жалпы аймақ бойынша 745 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Шамамен жарты миллиондай адам дауыс беру құқына ие.