Таразда ғасыр жасаған әже дауыс берді

Бүгін жұрт тайлы-тұяғы қалмай сайлауға келіп жатыр. Таразда ғасыр жасаған кейуана сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы үлкендерге сайлау жәшігін комиссия үйіне әкеліп береді. Бірақ 100 жасаған Күлия Үсенова сайлау учаскесіне өз аяғымен келуді жөн көріпті. Таңмен таласып, учаскеге келген әжейге құрмет көрстеліп, иығына камзол жапты, басына орамал байлады. Бұған дейінгі Президент сайлауы мен референдумға да келген Күлия Үсенова өмір бойы ауыл шаруашылық саласында қызмет еткен. Бүгінде 6 немереден 11 шөбере сүйіп отыр. Ал аймақта 80 жастан асқан 8 мыңнан аса тұрғынның дауыс беру құқығы бар.

Күлия Үсенова, қала тұрғыны:

Сайлаудан қалмаймын, осылай ат салысқан балаларып әкеліп тұр, осы сайлауға. Келдім, өз аяғыммен жүрмін. Аллаға шүкір. Дауыс беріп отырмын. Еліміздің болашағы үшін. Халық аман болсын, ел аман болсын.