Жамбыл облысында 112 жастағы кейуана дауыс берді. LIVE

Жамбыл облысында 700 мыңнан аса адам кезектен тыс президент сайлауына қатысуда. Қазір аймақтағы 493 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 368-і ауылдарда орналасқан. Елді мекендердегі сайлау барысын тілшілеріміз де бақылап жүр.

Мерей Бает, тілші:

– Қазір біз Жамбыл ауданындағы Аса ауылындамыз. Біз тұрған №166 сайлау учаскесінде 2800 тұрғын тіркелген болса, оның 87 пайызы осы уақытқа дейін дауыс беріп үлгерді. Әлі де келіп жатқандары бар. Жалпы саяси науқанға облыс бойынша 10 мың 600 ден аса тұрғын алғаш рет қатысып жатыр. Өз таңдауын жасаған 8 мыңнан аса сайлаушының  жасы 80-нен асқан. Тағы бір айта кетерлігі, облыстағы ең егде жастағы кейуана осы ауылда тұрады. 112 жастағы Күлбарам Сүгірова ел болашағына бей-жай қарамайтындардың бірі. Ол бұған дейінгі саяси науқанның барлығына қатысқан. Жалпы аудандағы өтіп жатқан саяси науқан жайында сайлау комиссиясының төрағасынан сұқбат алған едік. Тыңдайық.

Бауыржан Көшербаев, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі 249 сайлау комиссиясы жұмыстарын таңғы сағат 7-ден бастады. Қазіргі таңда Жамбыл ауданындағы сайлауышларының сайлауға деген белсенділігі өте жоғары. Қазіргі таңға дейін 35 сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Ауданда 51 839 сайлаушы тіркелген. Қазіргі таңда 87 пайыз сайлаушы өз дауысын берін таңдауын жасады.

Мерей Бает, тілші:

Жамбыл облысында 716 мың сайлаушы тіркелген. Жалпы 493 сайлау учаскесі таңнан бері жұмыс істеп жатыр. Оның 21-і жабық учаскелер. Ал ондағы заңдылықтың сақталуын мың жарымға жуық байқаушы бақылауда. Қазіргі сәтте облыс бойынша сайлаушылардың 77 пайызы таңдауын жасады. Дауыс беру уақытының аяқталуына 1 сағаттан аз уақыт қалды. Тұрғындардың әлі де келіп өз таңдауын жасайтын уақыты бар.