Әлем чемпионы Президент сайлауында белсенділік танытты

Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауында танымал спортшылар да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конькимен сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин Қостанай қаласындағы нөмірі 40-сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Дауыс беру жәшігіне бюллетенін салған спортшы бұл саяси доданың еліміздің әрі қарай дамуында маңызды қадам екенін атап өтті.     

Денис Кузин, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:

– Әр адам өз ойын, пікірін, болашағын осы сайлауға қатысып білдіру мүмкіндігіне ие. Оның іске асуын тілейді. Мен де соның бірімін. Осыған дейін қаншама сайлау өтті соның бәріне қатысып келемін.