Қызылордада жас жұбайлар сайлауға келді

Сайлау күні Қызылорда қаласында жаңадан 30 шақты жас шаңырақ көтерді. Неке қию салтанатынан бұрын дауыс беруге қол ұстасып келген Ербол мен Айгерім сайлау учаскесін сәнге бөлеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыңдық пен күйеу жігіт осылайша келешекке деген қадамын елдік шарамен байланыстырып отыр. Өзге дауыс беруші аға буын өкілдері жаңа отау тіккен жастарға алғысын айтып, бата беріп жатыр.   

Ербол Қазиханұлы, қала тұрғыны:

Қуаныштымын, еліміздің болашағы және өзімнің болашағым үшін де таңдаулы күн болып тұр. Жалпы той шаруасымен қарбаласып жатсақ та келіп, ел ертеңі үшін таңдау жасадық. Еліміз өркендей берсін.

Айгерім Толыбек, қала тұрғыны:

Еліміз үшін таңдаулы күнде келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бүгінгі күн біздің тойымызбен сәйкес келгеніне өте қуаныштымыз.