Өскеменде ғасыр жасаған әже өз таңдауын жасады

Өскемендік Анастасия Светочева бүгін 100 жасқа толды. Ғасыр жасаған кейуана үйде дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анастасия Павловна зұлмат соғыс жылдарының қанды қасіретін бастан кешірген. Сондықтан бейбітшілік пен келісімнің бағасын өте жақсы біледі. Ол өз балалары мен немере-шөберелерінің болашағы жарқын боларына сенімді. Қрия 1991 жылдан бергі өткен сайлаулардың барлығына қатысқан. «Қазақстандықтар демократиялық қоғам құруға және алдағы уақытта жүзеге асырылатын реформаларға өз үлестерін қосып жатыр», – дейді ол. Өңірдің 500 мыңға жуық тұрғыны бүгінгі саяси науқанға қатысуға мүмкіндік алғанын да айта кетейік.

Анастасия Светочева, қала тұрғыны:

Бүгін сайлауға қатысу құқығына ие болған еліміздің әрбір азаматы дауыс беруі керек деп есептеймін. Өйткені бұл сіз бен біздің өмірімізге тікелей әсер ететін сайлау.