Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам 9 жылға сотталды

Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ енді ол 7 жылға дейін банк, сақтандыру холдингі немесе қаржылық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды. Алаяқ әйел мыңдаған салымшыны сан соқтырып, 180 миллион теңгені қалтасына басқан. Ол Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы «Лидер Капитал 168» деп аталатын микроқаржылық ұйымға басшылық жасаған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24 пайзға дейін және шетел валютасында 6 пайызға дейін немесе ай сайын 5 пайызға дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тарту болатын.