Әлем чемпионы М.Ақшалов Мемлекет басшысын құттықтады

Еліміздің спорт шеберлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты айқын жеңісімен құттықтап, қай салада болмасын жақсы өзгеріс болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдік додада ел үшін күресетін спортшы Мемлекет басшысын да халық қамы үшін қызмет қылады деп сенім білдірді.

Мерей Ақшалов, бокстан әлем чемпионы, спорт шебері

Қасым-Жомарт Кемелұлын айқын басымдылықпен жеңіп шыққанымен құттықтаймын. Ол кісі осы 2019 жылдан бері біздің елімізді басқарып келеді. Өздеріңіз білесіздер қаншама бастамалар бастады. Халықтың жағдайын жасап жатыр. Сондықтан мен ол кісіні шын жүректен құттықтаймын.