Қостанайда Студенттер үйі ашылды

206 орындық жаңа жатақханадан кез келген жоғары оқу орнының шәкірті пана таба алады. Ай сайынғы төлемі жалдамалы пәтерлерге қарағанда бес есе төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимарат жеке инвестордың қаражатына салынды. Асхана, кір жуатын бөлме және спорт залымен жабдықталған. Жоспарда монша мен шағын маркет ашу бар. Жалпы аймақ студенттерін жатақханамен қамту мәселесі мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы арқасында шешімін тауып келеді. Былтыр екі мыңдай шәкірт пәтер жалдап тұрса, биыл жатақханаға зәру студенттер саны 320-дан асады.

Әсел Таңжарық, мердігер:

– Бөлмелердің ішінде 4,6 және 8 орындық бөлмелер бар. Негізі бұл ғимарат 10 жыл бойы бос тұрған. Екі қабатты терезелері, есіктері ештеңесі болмаған. Соның бәрін қалпына келтірдік. Жалпы инвестициясы 480 млн.