Қарағанды облысында ұлт ұстазына тастұғыр орнатылды

Ұлт ұстазының тұлғалық болмысын тасқа қашап салған жергілікті шебер Манарбек Кәрім. Автор ескерткішті бір апта ішінде дайындап шыққан. Бірақ қолайлы материалды табу оңайға соқпапты. Қарқаралының батысындағы Қорғантас тауынан салмағы 5 тонна болатын тасты арнайы техникамен жеткізген. Ескерткіштің ені 2 метрден, ал биіктігі 4 метрден асады. Маңайына ағаш егіліп, абаттандырылған.

Айта кету керек, бұл шебердің алғашқы туындысы емес. Бұған дейін һакім Абайдың және Бұқар жыраудың да бейнелерін тасқа бедерлеген, петроглифтер салған.

Манарбек Кәрім, шебер:

- Ол кісі енді 1904 жылы осы жақта Ақтеректе мектеп ашып, осы жақта еңбек етті ғой. Басқа жері өз алдына, көзінің қиығынан бір артық тас кетіп қалса ұшып, ол орнына келмейді екінші рет. Үлкені бар, кішісі бар, ол тастың қажеті болмай қалады. Енді солай басталды. Аулада саламын. Кәдімгідей қоршап қойып. Ешкім мазаламау керек ол жерде.