Көзі нашар көретін азаматтарға барынша қолайлы жағдай қалыптастыру қажет – кітапхана мамандары

Бұл мәселе Қазақстан мен Өзбекстан кітапхана мамандары арасындағы кездесуде көтеріліп, жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос елдің сала өкілдері алғаш рет осындай формата бас қосып отыр. Аталмыш шара Өзбекстанның Қазақстандағы мәдени  күндері аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында саладағы проблемаларды бірлесе шешу тетіктері сөз болды. Оның аясында қос тарап тұрақты негізде бір-бірімен тәжірибе алмасып тұрмақ.

Бұған қоса, зағип жандарға арналған кітап және есту құралдары таныстырылды. Жиын қорытындысы бойыншы ынтымақтастықты нығайтуға арналған меморандуға қол қойылды.