Көкшетауда Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті

Қазақ елі батыр ұлын ақтық сапарға шығарып салды.

Көкшетауда Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті. Орталық мешітегі қаралы жиынға жүздеген адам жиналды. Жас офицермен қоштасуға туған-туыстары, достары, әріптестері келді. Асқар өзінің туып өскен ауылы, Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылына жерленді. Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық қорғау капитаны Асқар Забикулин елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі алапат өрт кезінде үш адамды құтқарып қалды. Арпалысып жүріп, өзінің денесін күйік шалғанын байқамаған. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. Бірақ офицер 20 қарашада қайтыс болды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды. Президенттің тапсырмасымен батыр 1 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, сондай-ақ оның есімін Астана көшелерінің біріне берілетін болды.

Өмірбек Төлеубаев, Асқар Забикулиннің курстасы:

- Біз Асқар екеуміз төрт жыл бірге оқып, бірге қызметтес болғанбыз. Орны толмас қайғы. Адал дос еді. Ешқашан қолыңды қайтармайтын. Қашанда көмек сұрап келсең, қасыңда болатын дос еді. Қайғылы..... Әлі өмір сүру керек еді.  

Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ комитетінің төрағасы:

- Өзі 2011 жылы осы Көкшетау техникалық азаматтық қорғау академиясына оқуға түсіп, 2015 жылы бітіріп, Астана қаласында өрт сөндіру караул бастығынан бастады. Сол жерде жүріп спортпен аралысып, барлық өзінің патриоттық сезімімен жұмысын адал атқарғаны ол қазір осындай жағдай болған кейін ғана емес, ол шындығында сондай. Анасына, әйеліне, қалған екі қызына өмір берсін. Жатқан жері жайлы болсын.

Сондай-ақ...