Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі 18 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Ақпаратты Астана соты растады. Естеріңізде болса бұрынғы мәдениет және спорт министрі биыл мамырда қамауға алынған еді. Ол Ұлттық музейді басқарған уақытта 140 млн теңге қаржыны жымқырды деген күдік бар.  Сонымен қатар, құзырлы органдар оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.