Павлодарлықтар инелікке ескерткіш қойды

Темірден соғылып, тұғыры бетоннан құйылған инелікті гүлзардың үстіне қондыру  жоспарланған.

Мүсіншілер мұндай жұмысқа қаржы көп кетпейді дейді. Ал тапсырысты саябақты абаттандырып жатқан мердігер фирма берген. Жалпы бұл жәндікке деген павлодарлықтардың құрметі бөлек. Тіпті  инелікті  қаланың символына айналдыру керек деген бастама да көтеріп жүр. Өйткені жаз шыға Ертіс өңірінің халқы қансорғыш жәндіктерден зардап шегеді. Маса-шіркейлерді жоюға  бюджеттен қыруар қаржы да бөлінеді. Бірақ атқарылған жұмыс тиімділігін көрсете бермейді. Тек инелік шыққанда ғана зиянкестердің  көзі жоғалады. Мәселен, бір инелік екі сағатта  40 шақты шыбын-шіркейді жояды  екен. 

Марат Әбілқасымов, мүсінші:

- Мынау инелік темірден жасалған. Темірден жасау қиын ол, оңай емес. Сондықтан бұл декоративті скульптура. Қанаты да мынандай шынымен қапталған. Қасымда бірге істейтін жігіт, төрт жыл болды бірге істейміз осы қалада, басқа жақтарда мүсін жасаймыз. Сол арқылы жасағамыз. Сол бірге, мен жалғыз емес. Одан кейін мына инелікті жасағанда ұста да болды.

Сондай-ақ...