Бірқатар өңірде боран басталды

Елдің бірқатар өңірінде боран басталды.

Полицейлер республикалық жолдардың біразын уақытша жапты. Мәселен, Жетісу облысында тіркемесі бар жүк көліктер үшін Алматы - Өскемен бағытына шектеу қойылды. Дәлірек, Үшарал қаласы мен Абай облысының аралығы уақытша жабық. Одан бөлек қар аралас жауын-шашын мен екпінді желдің әсерінен республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» бағытының 45-шақырымынан 68-шақырымына дейін шектеу бар. Бұл учаскені қалпына келтіруге 6 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар жолаушыларға алыс жолға шықпауды ескертеді.