Жамбыл облысы Талас ауданында жаңа жел электр станциясы іске қосылды

9 млрд теңге жұмсалған инвестициялық жоба Қаратау жотасының бойында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешенде биіктігі 75 метр болатын, қуаты 4,5 мегаватты 15 жел генераторы қойылды. Өндірілген энергия қосалқы станция арқылы жалпы желіге берілуде. Бүгінде жел электр станциясында 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта нысанды кеңейтіп, қосымша турбиналар орнату жоспарлануда. Жалпы өңірде баламалы қуат көзін өндіретін 18 нысан бар. Олардың жалпы қуаттылығы 450 мВт.

Ауданбек Тауасаров, Талас аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Жергілікті жерге әрқайсысы 70-100 млн-ға дейін жететін кәсіпорын салық төлейді. Одан бөлек, 4 пен 10 адамның ортасында жұмыспен қамтиды. Қазірдің өзінде 20 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта тағы қамтылады.