Лық толы автобустың мәселесі қалай шешіледі?

Жолақысын төлемейтін жолаушылардың кесірінен елордалық тасымалдаушылар жыл сайын 2 млрд 500 млн теңгеден астам қаражаттан қағылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ал бұл қаражат жаңа автобус алып, жүргізушілердің айлығын көтеруге бағытталар еді. Сондықтан жолда жүру мәдениетін қалыптастару өте маңызды. Мұны қоғамдық көлікке жауапты серіктестік өкілі айтып отыр. Бүгінде 1500 қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыс істейді. Десе де, мыңға жуық жұмысшы тапшы. Сондай-ақ, 400 автобус жетіспейді.

Әділ Сайынов, CTS ЖШС көлікті үйлестіру департаменті директорының орынбасары:

- Тасымалдаушылардан Ақша түспеген соң, автобустар ала алмайды және  жүргізушілерге соц пакет бере алмайды. Жалақысын көтере алмайды. Енді қазір көріп тұрсыз 50 пайыз автобустар час пикте сыймайды. Ол ең басты сол адамдар уақытында төлеген кезде ғана автоубстар сатып алуға болады.