Уран кенішінде қауіпсіздік талаптары сақталмаған – Қызылорда облысы

Қызылорда облысындағы «Байкен-U» уран кенішіндегі өндірістік нысандар мен техникалық құрылғылардан өрескел заңбұзушылықтар анықталып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Хорасан-2» кен орны, геотехнологиялық алаң, технологиялық желі және бірнеше цехқа тексеру жүргізген Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өндірістік қауіпсіздік талабын бұзудың 49 дерегін әшкереледі. Мониторинг қорытындысымен кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынып, хаттама толтырылды. Өндіріс ошағының басшылығына бекітілген мерзімде кемшіліктерді түзеу жөнінде нұсқама берілді.