Ұлытау өңірінде алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан топ мүшелері ұсталды

Полицейлер карьерлердің бірінің аумағында жедел іс-шара өткізіп, жеті адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар мен сорғы, бір бөшке жанармай және 83 қап алтын кені тәркіленді.  Жедел-іздестіру барысында қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен  23 және 34 жастағы тағы екі адамды ұстады. Олардың көлігін тексеру кезінде тапанша мен травматикалық қару табылды.

Аңсаған Тоқбергенов, ПД баспасөз хатшысы:

- ҚР ҚК-нің 334-бабы «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» және ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.