Алматыда оңды-солды пәтер таратқан кімдер?

Алматы облысының шенеуніктері мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді оңды-солды таратқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутат Ілияс Буларовтың айтуынша олар пәтерді өз туыстарына берген. Ал мұқтаж азаматтар далада қалған. Депутат, әкімдіктердің әділетсіз шешімдеріне қатысты әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан жүздеген шағым келіп жатыр дейді. Енді мұның ақ-қарасын анықтау үшін тәуелсіз сарапшылар командасын құрып, кезекте тұрған азаматтармен бірге әлеуметтік баспанаға тексеріс жүргізуді ұсынды. 

Ілияс Буларов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Алматы облысында пәтерлерді заңсыз үлестеру дерегін прокуратура органдары растады. Биыл ақпан айында Ескелді ауданы Қарабұлақ селосында қолданысқа тапсырылған көпқабатты үйдің 10-нан астам пәтерін шенеуніктер мен олардың туыстарына кезектен тыс  берілген.