БҚО: шаруалар аграрлық-несие корпорациясы арқылы кәсібіне қолдау тауып отыр

Батысқазақстандық шаруалар Аграрлық несие корпорациясы арқылы биыл  11 миллиард теңге көлемінде қаржы алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңілдетілген несиеге қол жеткізген шаруашылықтардың бірі –   «Теректі өнімдері». Серіктестікке қарасты жылыжай кешендері өңір тұрғындарын жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз етіп келеді.   

Жылыжайда кезекті жиын-терім науқаны аяқталып қалды. Жылына жиналатын өнім көлемі 50 тонна. Жаңа ғана жұлынған көк жуа, қызанақ пен қиярға сұраныс жоғары. Теректілік тұтынушылар өз алдына дайын өнімнің негізгі бөлігі қаладағы ірі сауда орындарына сатылымға шығады.    

Асылхан Көпешев,  «Теректі өнімдері» ЖШС директорының орынбасары: - Жалпы алғанда аумағы 7 мың шартшы метр болады. Бұл жылыжайларымыздың барлығын тамшылатып суарумен суарамыз. Суды жер астынан аламыз. 

Екі жылыжай кешенін кәсіпкер өз күшімен салған. Кейін өсірілетін өнім түрлерін көбейтуге ден қояды. Осы мақсатта Аграрлық несие корпорациясынан несие алып, тағы 3 жылыжай кешенін іске қосты. Несие шарты қолайлы. Проценттік мөлшерлемесі төмен, әрі екі жыл мерзімге несие каникулы қарастырылған.     

Азамат Темірғалиев,   «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Жалпы бізге қойылған мақсат 11 млрд 900 млн теңге болатын. Соның ішінде бізге биылға 11 млрд 300 млн несиеміз берілді.      

«Іскер» мен «Кең дала» бағдарламаларына да сұраныс жоғары.  Несие мал және өсімдік шаруашылығын өрістетуге, техника сатып алуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге беріледі. Бүгінге дейін корпорация  еліміздегі жылыжай саласын дамыту үшін 52 млрд  теңгеге 47 инвестициялық жобаны қаржыландырды. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов