ШҚО-дағы битум тапшылығы жол құрылысы саласына кері әсерін тигізді

Естеріңізде болса, шілде айында Павлодардағы мұнай химия зауыты жөндеуге жабылып, қажетті материалдың жетіспеушілігі туындаған ед, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал зауыт ашылған кезде битумның бағасы шарықтап шыға келді. Осылайша, кейбір жол құрылысы жұмыстары белгіленген мерзімнен кешікті. Мәселен, Қатонқарағай ауданында жұмыс істеген компаниялар Берел мен қорым арасындағы жол құрылысын жазда аяқтауы тиіс еді, бірақ битум тапшылығының кесірінен жұмыс қара күзге дейін созылды. «Жаңа Үлгі- Жамбыл- Берел» бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жол құрылысы да материалдың болмауынан  келесі жылға шегерліп отыр.

Ділдар Қалиқан, Қатонқарағай ауданының әкімі:

- Бірақ толықтай қара жамылғы төселіп аяқтауға мердігердің айтуныша, әсер етіп отырған битум тапшылығы. Өздеріңіз түсінгендей, Қатонқарағай ауданы ­– шалғайдағы аудан. Битумның өзін осы жаққа әкелудің өзі біраз уақыт алады. Сол себепті биылғы жылы ол жоба аяқталмады, ендігі жылы толық аяқталатын болады.