Қостанай облысында ауруханалар қайта құрылады

Қостанай облысындағы Арқалық және Жітіқара қаласындағы ауруханалар көпбейінді ауданаралық мекеме болып қайта құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жақын маңдағы ауыл аймақтар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға сеп болмақ. Ауданаралық мәртебеге ие болатын ауруханалар күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құралдармен жабдықталады. Жұмыстар екі жылдың ішінде аяқталады.  

Жітіқара аудандық ауруханасы қырық жыл бұрын салынған. Шамамен 15 мың шаршы метрді алып жатқан аумақта терапев, хирургия, шаруашылық бөліктері орналасқан. Мұндағы емхана бір ауысымда 400-ге жуық адамды қабылдай алады. Соңғы 1-2 жылда ауруханаға біршама замануй жаңа медициналық жабдықтар алынды. Мысалы, жақында компютерлік томография кабинеті ашылды.

Тогрул Умудов, Жітіқара аудандық аурухананың бас дәрігер:
- Соңғы үлгідегі бұл қондырғының қуаты зор, мүмкіндігі кең. Бір ауысымда 16 зерттеу жасалады. Қажет болса, одан көп қабылдай аламыз.

Компютерлі томографта жергілікті мамандар жұмыс істейді. Олар арнайы дайындық курсынан өткен. Жітіқаралық Күләш Өтетілеуованы көптен бері тізе буындары мазалап жүр екен. Диагнозын дәл анықтайтын жаңа жабдықтың ауылында пайда болғанына ол дән риза.  
Күләш Өтетілеуова, Жітіқара қаласының тұрғыны:
- Бұдан бұрын рентген, УЗИ-дан өттім. Сосын дәрігер томографияға түсу керек деді. Ол үшін Лисаков, Қостанайға бару қажет. Аяғың сырқырап жүргенде, алыс жолу жүру оңай емес.Енді томография өзімізде ашылғанын естіп, қатты қуандым.

Алдағы жылы ауруханаға ауданаралық мәртебесі берілгеннен кейін мұндағы бөлімдер саны көбейеді. Нақты айтсақ, инсульттен емдеу орталығы, кардио-хирургия, акушерлік-гинекология бөлімдері ашылады. Жітіқарадан тыс, Қамысты, Денисов аудандарының тұрғындары алыс қалаларға сабылмай, осында ем қабылдайтын болады.

Қуат Әлмағамбетов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м. а.: 

- Ауданараралық ауаруханалар құрылыс бойынша жобалар дайын. Келдесі жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Қазірден бастап медициналық жабдықтар алынып жатыр. Компютерлік томография, УЗИ аппараттары, МРТ алынды.

Мемлект басшысының тапсырмасына сай замануй жабдықталған  ауданаралық ауруханалар 2025 жылға дейін құрылуы қажет. Айта кетелік, денсаулық сақтау саласында биыл облыста бұдан басқа тағы екі жобаны жүзеге асыру көзделген. Әуликөл кентінде  инсульт орталығы ашылып, Аманқарағай ауылында фельдшерлік акушерлік пункт ел игілігіне тапсырылады.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг