loader


Алматыда Дәулеткерей Кәпұлының «Айналсоқ» атты жаңа кітабы таныстырылды

Айналсоқ – жүгеннің шығыршығы. Ақынның кітабы бұлай аталуы бекер емес.

«Себебі Дәулеткерей ­– қазақтың құнарлы тілін, қуатты ойын бойына молынан жинаған ақын», ­– дейді әдебиеттегі ағалары. Айтыс сахнасында суырып салма өнерімен танылған ақынның жазба поэзиядағы қолтаңбасы да ерекше. Туындыға қаламгердің таңдамалы шығармалары енген.

Ұлықбек Есдәулет, ақын:

- Қазақта «уызына жарыған» деген сөз бар. Дәулеткерей Кәпұлы –қазақтың бай шұрайлы тіліне уызынан жарыған ақын. Себебі оның әкесі де ақын, шешесі де ақын. Өлеңнің отбасында дүниеге келген. Поэзиядағы бұл кітабы оқырманның игілігіне айналатыны сөзсіз деп айтар едім.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын: 

- Баспа өздері таңдайды, өздері сарапқа салады. Негізінен таңдамалы өлеңдер, поэмалар, балладаларым, толғауларым бар. Сондықтан кітаптың 10 баспа табақ барлық кітап дүкендеріне түседі деген жоспарлар бар.

Сондай-ақ...