Елде республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 3,5 млн тоннаға жуық асфальт төселді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы құрылыс-монтаждау жұмыстары «Қарағанды-Балқаш-Алматы», «Меркі-Бұрылбайтал», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Өнеге-Бисен-Сайхин» сияқты күре жолдарда жалғасып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол жөнделуде. Оның 4 мыңы қайта жаңарғыртылды. Қалғанында орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа 7 мыңнан аса маман мен 5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.