Ақмола облысында 7 мыңнан астам адамға заң жөнінен тегін көмек көрсетілген

Жыл басынан бері Ақмола облысында 7 мыңнан астам азаматқа тегін заңды көмек көрсетілген.

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Ол жергілікті тұрғындармен кездесіп, көкейтесті сауалдарға жауап берді. Жиында алимент, сот актілерін орындауға қатысты бірқатар қордаланған мәселелер көтерілді. Бұдан бөлек ведмоство басшысы кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сондай-ақ министр қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекске ревизия жасалатынын атап өтті. Қазіргі таңда тиісті нормаларды жетілдіру үшін жұмыстар жүргізілуде.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Бұл бағыт бойынша үлкен жұмыс тобы құрылды. Бүкіл құқық қорғау органдары, белгілі заңгерлер, соттар және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттармен бірігіп, қылмыстық және қылмыстық процесуалды кодексті қарап, түзететін нормаларды шағарып, заң жобасын дайындап жатырмыз. Бірінші заң жобасын осы 2023 жылдың наурыз айында парламентке енгізуіміз керек.