Ақмола облысында 280 мыңнан астам ауыл тұрғыны скринингтен өтеді

Ақмола облысында жыл соңына дейін 280 мыңнан астам ауыл тұрғыны скринингтен өтеді.

Ол үшін жылжымалы медициналық кешендер елді мекендерге аттанады. Осылайша 18 бен 70 жас аралығындағы азаматтар білікті дәрігерлерге денсаулықтарын  тексерте алады. Аймақтағы әріптесім жалғастырсын. 

Бұл - қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін негізгі орталық. Қазір мұнда барлығы 14 мыңға жуық адам  тіркелген. Жергілікті тұрғындардың денсаулығын 40-қа жуық білікті маман тексеріп жатыр. Яғни ауылдағы ағайын қазір жаппай скринингтен өтуде. 

Сәуле Нұрғалиева, Красный Яр ауылының тұрғыны:

- Тіс емдейтін дәрігер бар. Бұрын қалаға баратынбыз. Қазір балаларды 18 жасқа дейін ақша төлемейсің, жәй емдейді. Мен өзім пенсионермін, без проблем бізді скринингке шақырады. Хирург бар, травматолог бәрі, қандай доктор керек бәрі осында бар. Біз Көкшетауға шапқылап УЗИ-ді іздемейміз. Баяғыдай рентген іздемейміз.

Аталған орталыққа күніне 300 адам келеді. Мұнымен қоса тағы осыншасы айына күндізгі стационарда ем қабылдайды екен. Бастысы ауылдағы медииналық мекеме  барлық заманауи қондырғылармен жабдықталған. 

Жанерке Қалиева, Красный Яр ауылдық алғашқы медикалық-санитарлық көмек орталығының бөлім меңгерушісі:

- Басқа ауруханадан келіп, бізге 19 дәрігер қызмет етеді қосымша. Яғни олардың ішінде фтизиатр бар, отоларинголог бар, акулист бар және де онколог, мамолог, хирург, травмотолог УЗИ-истер, рентгенологтар келіп қызмет етеді. Қажетті аппараттар, қажетті анализдерді тапсыруға мүмкіндіктер қарастырылған.     

Өңір дәрігерлері облыс орталығынан шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарын  уақытылы скрингтен өтуге шақырады. Ол үшін ондай елді мекендерге 11 жылжымалы медициналық кешен қатынайтын болады. Яғни жыл соңына дейін дәрігерлер 200-ге жуық ауылға баруды жоспарлап отыр.  Бұл жолы бұрын емханаға қаралмаған жандарға басымдық берілмекші.

Самат Қайырденұлы, Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный