Петропавлда құтқарушылар қысқы оқу-жаттығу өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр қар құрсауында қалған 600-ге жуық адам құтқарылды.

Қысқа алдын ала қамдану мақсатында «Қыс - 2022» оқу – жаттығуы өтті. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жоспар бойынша Алакөлге батып кете жаздаған адамды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар аязды күні орманда адасып кеткен жігітті іздеп, кәсіби дайындықтарын пысықтап алды. Бұл шарада құтқарушылармен қатар жол талғамайтын арнайы техникалар да сынақтан өтті. 

Серік Наурызбаев, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қыс бойына орташа есеппен 30 рет жолдар жабылады. Былтыр өңірде 16 жылыту орны жұмыс істеді. Жедел әрекет ету топтары биыл да құрылды. Ал тұрғындарды суық күндері абай болуға шақырамыз.