Астана медицина университеті 1989 жылдан бері жөндеусіз келеді

Елордадағы Астана медицина университеті 1989 жылы бой көтерген.

Бірақ содан бері бір де бір рет жөндеу көрмеген. Әлеуметтік желілерде тараған анонимді шағымнан кейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізді.

 Жалпы жыл басынан бері ректордың желідегі тікелей блогына 150-ден астам өтініш түсіп, студенттердің арыз-шағымдары қарастырылған. Ал, бұл жолы унивеситет басшысы тексеру комиссиясын арнайы шақырды. Комиссия құрамында денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңес төрағасымен қатар ата-аналар, қоғам белсенділері және студенттер бар. Олар шәкірттердің оқу барысы және университеттің техникалық әлеуетімен танысты. 

Надежда Петухова, ҚР ДСМ  қоғамдық кеңес төрағасы:

- Медицина университеті ұстаздарының жалақысы төмен. Адам денсаулығымен тікелей байланысты мамандық болғандықтан, бұл тұста олардың материалдық жағдайы өте маңызды. Себебі, мұнда ұстаздар теория мен тәжірибені қатар жүргізеді.

Университет студенттері әлі күнге дейін өткен ғасырдың 60-70 жылдары пайдалануға берілген корпуста білім алуға мәжбүр. Ал, Университет басшылығы материалдық жабдықтауға тек биыл ғана қаражат бөлгенін мәлімдеді. Осы жылы 11 жарым мың шаршы метр жөнделген. Ал Сарыарқа көшесіндегі оқу корпусын күрделі жөндеуге 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Келесі жылы оқу ошағының медициналық орталығы жаңғыртылмақ. 

Талғат Шілдебаев, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты маман:

- Биыл университеттің материалдық жабдықтау жағына 900 млн теңге бөлінді. Симуляциялық орталығына 800 млн теңге, ОРГ техника алуға 500 млн теңге биыл бөлініп тұр. 01,06 Кітапханамызға, медицина әдебиетіне 240 млн теңге бөлініп отыр.

Астана Медицина университеті  жыл сайын бір жарым мың маманды даярлап шығарады. Мұнда алыс-жақын шетелден 1100-ден астам студент те білім алып жатыр. Бүгінде ЖОО-да 64 кафедра, екі ғылыми-зерттеу институты, 17 зертхана бар. Студенттер елорданың жетекші клиникаларында шеберліктерін шыңдайды. Университетте 1500-ден астам оқытушы мен ғалым қызмет етеді.

Айнұр Қуатқызы Арман Ақшабаев

 

 

Сондай-ақ...