Ертіс өңірінде шешімін таппай келген жол мәселесі реттелді

Ертіс өңірінде бірнеше жыл бойы шешімін таппай келген жол мәселесі реттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Май және Баянауыл аудандарының тұрғындары екі ортада кедергісіз қатынай алады. Биыл 35 шақырымдық жол құрылысына республикалық бюджеттен 180 млн теңге бөлінген.

Бұл – Баянауыл және Май аудандарын жалғайтын жергілікті маңызы бар «Ақшиман-Лекер» жолы. Дәл осы учаскені көктемгі тасқыны кезінде су басып қалады. Елді мекен азаматтар әсіресе көктемде зардап шегеді. Осы аумақ ми батпаққа толып кетеді. Ал қыста учаскелерді қар басып қалады. Сондықтан, екі өңір халқы бұл жобаның жүзеге асырылуын көп күтті.

Қайырғалы Бақауов, Ақшиман ауылдық округінің әкімі:

- Қар, батпақ, көктемде су тасқыны, батпақ деген сияқты. Бүгінгі күні енді осы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында істелініп жатқан жол іске асып, толығымен аяқталса, екі ауданның халқына, аулы халқына қарым-қатынаста өте жақсы болады деп сенеміз.

Жол құрылысы аяқталған соң Май ауданының тұрғындары айналмалы жолмен емес, Баянауылға тікелей бара алады.

Асқар Шакарғалиев, Май аудандық нақты экономика секторы бөлімі басшысының орынбасары:

- Жол учаскелерінен өту қиын. Сонымен қатар, су басып кетуі мүмкін. Ал қыста қар басып қалатыны тағы бар. Жобаны әзірлеу кезінде бұл жағдайлар ескерілді. Сондықтан, жол құрылысы барысында су өткізгіш құбырлары орнатылды.

Екі ауданның шекарасындағы жерде гранит көп кездеседі. Мамандардың айтуынша, бұл жол құрылысына қажетті сапалы материал саналады. Оған қоса гранит осы аумақтан небары екі шақырымдық жерде қазылады. Тау жынысы арнайы техниканың көмегімен ұсақталады.

Рустам Мазгұтов, «Жол құрылысы» компаниясының бас директоры:

- Граниттің физика-механикалық қасиеттері жақсы. Біз салып жатқан жол контрукциясына жарамды. Нәтижесінде нысан ұзақ жылдар бойы қызмет етеді. Ал жол жабындысы мықты болады.

Ауқымды жоба келесі жылы аяқталмақ. Жергілікті маңыздағы жол дәлізі Баянауыл ауданының туристік әлеуетін арттыруға де септігін тигізбек. Себебі тұрғындар бұдан былай 100 шақырымдық айналмалы жолмен жүрмейді.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат