loader


Астанада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты

Қардың қалың түсуіне байланысты Астанадағы коммуналдық мекемелердің жұмысы қарбалас, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бүгін таңертең 2,5 мыңға жуық жұмысшы қарды тазалау шыққан. Бұл іске мыңдаған техника жұмылды. Түннен бері коммуналдық қызметтер 5 мың текше метр қар жинаған. Дамылсыз қар тасыған көліктер 500-ге жуық рейс жасап, ақ ұлпаны полигонға шығарды. Жалпы биылғы қыс мезгілінде Елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, делінген шаһар әкімдігінің ресми сайтында.

Сондай-ақ...