Жамбыл облысында жыл басынан бері 652 өрт оқиғасы болған

Тілсіз жау  4 адамның өмірін жалмап, 9 адам ауыр жарақаттанды. Қызыл жалыннан 25 млн теңге шығын келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрттің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері түрлі іс шаралар өткізуде. Соның бірі Тараздағы ірі сауда орталығында ұйымдастырылған флешмоб. Шараға құтқарушылар мен мектеп оқушылары қатысты. Олар өрт сөндірушілердің ауыр жұмысын бейнелейтін көріністерді сахналап, ән де салды. Осылайша тұрғындардың назарын аударды. Құтқарушылар жылыту маусымында қайғылы жағдайға душар болмау үшін, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Арман Смайлов, қалалық ТЖБ бас маманы:

- Бұл жұмыс жергілікті атқарушы орган, әкімдік, «ҚазТрансГаз» аймақ, электр желілері, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аулаларды аралау арқылы да жүргізіліп отыр. Осы өткізіп отырған іс-шара арқылы халыққа, өрт қауіпсіздігі, улы газбен улану жағдайларының салдарын, өз-өзін ұстау жағдайларын түсіндіру мақсатымыз.