Атырау облысында қара май төгілген алқапты тексеру басталды

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында қара май төгілген аймаққа облыстық экология департаментінің мамандары жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін аудан орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында мұнайға ұқсас  қара сұйықтық жайылғаны анықталды. Оны көрген жергілікті тұрғын дабыл қаққан.

Экологтар оқиға орнына барып топырақтан, ауадан сынама алады. Қара майды Батырбек ауылынан 8-9 шақырым жерде  орналасқан кен орны төгуі ықтимал. Егер оның мұнай екені және бұған бұрғылау мекемесінің қатысы бары анықталса, табитатқа залал келтірушілер жазадан құтылмайды, -  дейді экологтар.

Әлібек Бекмұхабетов, Атырау облысы бойынша Экология депратаментінің  басшысы:

- Мұнайдың қалдықтары мен өлшемін анықтайды және топырақтың сынамасын алады. Мұнай қалдықтары бар ма, жоқ па қандай деңгейде? Сынама алу жұмыстары біткеннен кейін әрі қарай қай мекемеге қатысты екенін анықтап, арнайы шара қолданамыз. Экология кодексіне сәйкес міндетті түрде тазалау, рекултьивация жұмыстарын міндеттейміз. Онан кейін басқа да жауапкершілікке тартылады.