Елімізде жастарға жеңілдетілген несие беріледі

Алдағы қаңтар айынан бастап жастарға 2,5 процентпен шағын несие беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент басшысы Асқар Ниязов мәлім етті. 2023 жылы шағын несиемен 5800 жас қамтылмақ. Осы арқылы мемлекет жастарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Қазір несиені алу жолдары мен ережесінің жобасы қалыптастырылды. Ол Егов ашық порталына жарияланған. 

Асқар Ниязов, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:

- Бірінші шарты бұл несие болғандықтан оған кепілдік қойылу керек. Одан соң бұл несиенің мөлшерлемесі 5 миллионға дейінгі соманы құрайды. Ол шағын несие деген сөз. Ол несиенің берілу мерзімі 5 жылға дейін. Ал егер ауылшаруашылығы мақсаттарына яғни ірі қара мал немесе жылқы асыраймын деп алатын болса ол жеті жылға дейінгі мөлшлерлемен беріледі. Бастапқы бір жарым жылы бұл каникулярный период дейміз бұл периодта шағын несие алған жастар өзінің ай сайынғы төлейтін жарнасын төлеуден босатылады.