Қостанай облысында майлы дақылдар жинау аяқталды

Барлығы 480 мың тонна өнім алынды. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп.

Майлы дақылдар түсімінің жоғары болуына қолайлы  ауа-райы және дұрыс қолданылған агротехникалық шаралар ықпал етті –дейді мамандар. Алынған көлем өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық жеткілікті. Сыртқа сатуға да артылады. Шикізат, өсімдік майы түрінде биыл Қытай, Өзбекстан, Ауғанстан және Ресей елдеріне экспортталады. Сұраныс жоғары майлы дақылдарды өңдеуге ынталдандыру үшін биыл шаруаларға мемлекет тарапынан субсидия қарастырылған. Оған бөлінген бір миллиард теңге бүгінде толық игерілді.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Облысымыздың осы күнбағыс майын жасау зауыттары бойынша толығымен жеткілікті. Өйткені осы майлы дақылдардың өнімімен қоса және мемлекеттік қолдау бағдарламалары да жүзеге асырылып жатыр. Яғни егер  өсірілген күнбағысты май өңдейтін зауыттарға тапсырылатын болса, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге субсидиялар төленеді. 20 мың 800 тенге бір тонна тапсырылған майлы дақыл үшін.