Ауылды дамытудың 5 жылдық нақты жоспары әзірленеді

Ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлейтін болады.

Президент Үкіметке осындай тапсырма берді. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтанауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЦИТАТА. «Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз».