Тоқаевтың ауылға қатысты бастамалары. Сарапшы пікірі

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов бізбен тікелей байланысқа шығып отыр.

Қайта сайланған мемлекет басшысы мінберден бірқатар мәлімдеме жасады. 

  1. Жаңарақта Президент Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, бұған дейінгі заңсыз алынған немесе мақсатсыз пайдаланылып жатқан ауылдық жерлерді мемлекетке қайтару ісі жалғасын табады деген сөз. Ендеше, қайтарылған жерлерді қайта үлестіру тәртібі қалай болуы керек деп ойлайсыз?  
  1. Екінші бір үлкен мәселе – заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару. Президент осы туралы Жарлыққа да қол қойды. Олай болса, заңсыз шетел асып кеткен қаржыны түгел қайтару мүмкіндігі бар ма? Ал қайтарылған ақшаны ел игілігіне жұмсау механизмі қалай болуы керек? Мемлекет басшысы тіпті, қаражаттың бір бөлігін мектеп салуға бағыттауды да айтты ғой.   
  1. Келер жылдың басында Парламент Сенатының депутаттарын сайлаймыз. Президент саяси науқанның мерзімін де белгілеп берді. Яғни 14 қаңтарда сенаторлардың сайлауы өтеді. Демек, саяси реформа жалғасын табады. Айтыңызшы, қарапайым халықтың саяси сауаты, сайлау мәдениеті қаншалықты дамыды?