Петропавл тұрғыны қалдық қағаздардан картина жасайды

Петропавлдық Виталий Жуков ескі газетпен кітаптардан картина жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елімізде пуан-тилизм техникасын, алғашқы болып меңгерген суретшілердің бірі. Азамат туындыларын сатып, сирек кездесетін музыкалық аспаптарды да жинағанды ұантады.Петропавл қаласының тұрғыны Виталий Жуков –өңірде пуантилизм техникасын қолданып кескіндеме жасайтын жалғыз суретші. Оның қолына тиген ескі журналдармен газеттер әп- сәтте, көздің жауын алатын туындыға айналады. Ал сырға толы суреттері, адамға түрлі философиялық ой салады.

Виталий Жуков, суретші:

- Мұндай туындыларды жасау оңай емес. Ол үшін асқан шыдамдылықпен шеберлік қажет. Көбіне картинаны 2-3 күннің ішінде жасап тастауға тырысамын. Бірақ екі жылға дейін уақыт жұмсаған жобаларым да бар.

Бұл туындылардың ерекшелігі сол, жақыннан қарасаңыз ненің бейнеленгенін бірден аңғару қиын. Алыстасаңыз, тамаша көріністі байқайсыз. Суреттер сонысымен әсерлі.

 «Жігітке жеті өнер де аз», -­­ демекші Виталий сурет салудан басқа музыкамен де шұғылданады. Қазір ол 40-қа жуық аспапта ойнайды. Мандолин, флейта, лира сынды сирек кездесетіндерін жинайды.

Виталий Жуков, суретші:

- Музыкаға деген қызығушылығым 4-5 жаста пайда бола бастады. Алғашында жалғыз гитарам болды. Кейін коллекция жинай бастадым. Оларды көбіне сатып аламын. Ал бағалары арзан емес.  

Өнер иесінің коллекциясынан Тибет монахы сыйға тартқан, ән салатын ыдысты да кездестіресіз. 

Қазір Виталий кейінгі толқын жастарға өте сирек кездесетін аспаптарда ойнауды үйретіп жүр.