Екібастұздағы жағдай бойынша Энергетика министрлігі де мәлімдеме жасады

Олардың сөзінше, жылу желілерін түбегейлі жөндеуге қолданыстағы тарифтің төмендігі кедергі. Қаладағы жылу құбырларының 70 проценті тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жалпы ұзындығы 342 шақырым. Алайда жыл сайын тек 3-4 шақырымы ғана ауыстырылады. Бірақ апатты жағдайдағы желілерді бір-сыпыра жаңарту мәселесі әзірге шешілмей тұр. Қазір Екібастұз жылу электр орталығында 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Орамдық желілерде 5 түрлі ақау анықталды. Мамандар қалғанын іздеп жатыр.